Атырауда жоғалып кеткен 34 жастағы жігіт үш аптадан кейін табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жоғалып кеткен ер адам аудан орталығынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Елдар Ақылбек 2 қыркүйекте үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен.

«Ал оның анасы 11 қыркүйекте төтенше жағдайлар департаментіне хабарлаған. Содан бері полиция қызметкерлері кешенді іздестіру іс-шарасын жүргізді. Атырау қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері 20 қыркүйекте жоғалып кеткен жігітті Исатай ауданының Аққыстау елді мекенінен тапты. Ол анасына аман-есен тапсырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар