Атырауда жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 12 қыркүйек күні жоғалып кеткен 22 жастағы жігіт табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 жастағы Николай Шульцтің сөзінше, ол жұмысқа орналасу үшін көршілес Орал қаласына кеткен. Алайда ол түйіндемесін тапсырған компания бірнеше күн күте тұру қажеттігін айтқан. Ал келесі күні оны белгісіз біреулер соққыға жығып, тонап кеткен. Бұл оқиға туралы ол полицияға хабарлап, өзінің Атырау қаласына жетіп алуына көмектесуді сұраған. Полиция қызметкерлері оны таксиге отырғызып жіберген. Сол таксимен жігіт ауылына жеткен.

«Ең бастысы немерем аман-есен»,-дейді осы күні тағат таппай оны іздеп жүрген әжесі Людмила Шульц.

Соңғы жаңалықтар