Атырауда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылмай жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратқа қарағанда, жас жігіт 30 қарашада жоғалған.

Үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған жігіт Атырау қаласындағы «Өркен» шағын ауданында тұрған. Ол 30 қарашада үйінен «Авангард-2» шағын ауданындағы мектепке бару үшін шыққан. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

Анасының айтуына қарағанда, ұлы пратикаға бармақ болған. Екеуі 1 желтоқсанда кешкі сағат 19:00 шамасында ұялы телефонмен сөйлескен. Кейін ұлының ұялы телефоны өшіп қалған. Жас жігіттің анасы WhatsApp желісі арқылы атыраулықтардан ұлын табуға көмектесуді сұрап отыр.

Қазір Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалған жігітті іздестіріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын 700-ге жуық атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққанын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар