+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Атырауда жоғалған сәбидің денесі кәріз резервуарынан табылды

2020 жылғы 22 мамыр 11:35
Бөлісіңіз:
Атырауда жоғалған сәбидің денесі кәріз резервуарынан табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда екі күн бұрын жоғалған 1,5 жасар баланың денесі септиктен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін бұл деректі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі растады.

«Жұлдыз» шағынауданындағы үйінен шығып, қайта оралмаған балақай қоқыс астындағы септикке түсіп кеткен.

Кішкентай бүлдіршінді іздеуге полиция қызметкерлерімен бірге, еріктілер, Ұлттық ұлан сарбаздары мен төтенше жағдай қызметінің мамандары, қызметтік иттер тартылған еді. Іздеу жұмыстары кезінде «Жұлдыз» шағынауданынан Бесікті ауылына дейінгі елді мекендердің көшелері тексерілген. Саяжай учаскелеріне, қараусыз қалған ғимараттарға, Жайық өзенінің жағалауына да шолу жасалған. Сондай-ақ, арнайы техникамен кәріздік резервуарлардың суы сорылып, тексерілді.

«Балақай өз үйінің ауласындағы кәріз резервуарынан табылды. Резервуар қоқыс астында болған» -деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырауда 1,5 жасар сәбидің жоғалғанын, оны іздеуге 50 волонтер мен 400 ерікті қосылғанын, сондай-ақ дрон да қолданылғанын жазған едік.

Фото: azh.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT