+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда жоғалған балалар табылды

2021 жылғы 15 маусым 02:00
Бөлісіңіз:
Атырауда жоғалған балалар табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ұлттық ұланның сарбаздары жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық гвардияның «Батыс» өңірлік қосбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда кешкі сағат 22:30-да Атырау қалалық Жедел басқару орталығына екі баланың анасы хабарласқан. Олар көрші балалармен ойнауға шыққан перзенттері үйге оралмағанын айтқан.

«Жоғалған балалар туралы ақпарат құқық қорғау органдарының барлық жеке құрамына берілді. Қатардағы патруль бастығы Назар Ізбасов пен құрамында патрульдік қатардағы сарбаздар Азамат Исмаилов пен Бекболат Бейсенбаев бар әскери наряд «Жеңіс» саябағының жанында жүрген төрт баланы байқаған. Олар жоғалған балалардың сипаттамасына ұқсас болған. Ал, Азамат, Азат, Рауан және Данил есімді балалар ойнап жүріп, үйінен алыстағанын аңғармағанын айтқан», - деп хабарлады қолбасшылықтың баспасөз қызметінен.

Ұлттық ұланның сарбаздары Жедел басқару орталығы арқылы балаларды ата-аналарымен табыстырған. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі әскери міндетін орындау кезінде қырағылық танытқан сарбаздарға №5546 әскери бөлім командирінің алғысы жарияланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Дана Телятникова Каз
Дана Телятникова Каз
954-059

MURAǴAT