Атырауда жоғалған 9 жасар баланың денесі судан табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда із-түзсіз жоғалған 9 жасар баланың денесі судан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 22 қаңтарда түсқайта үйінен інісімен бірге ойнауға шыққан 9 жасар бала жоғалып кеткен. Оның ұлты –үндіс. Анасы – қазақ.

Бүгін жоғалған баланы 200-ге жуық адам іздеді. Оған 100 полицей мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, өзге де тұрғындар мен 60 ерікті қатысты.

«Бүгін кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі судан табыллы. Бұл ақпаратты іздестіру жұмыстарын басқарып жүрген №1 Атырау қалалық полиция бөлімінің бастығы Әнуар Кокалов растады» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар