Атырауда жеткіншек Жайыққа батып кетті
2016 жылғы 1 тамыз, 17:11

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының орталығында Жайық өзенінде жеткіншек батып кетті.
«13 жастағы жасөспірім денешынықтыру-сауықтыру кешенінде Жайық өзеніндегі суға түсуге тыйым салынған жерде достарымен суға түскен. Оның мәйітін құтқарушылар 4 метрлік тереңдіктен шығарды», - деп хабарлады Атырау облысының ТЖД.
«Жыл басынан Атырау облысының су қоймаларында 27 адам суға кетті. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,5 есе көп», - делінген хабарламада.
Су қоймаларында батып кеткендердің 27-сі де кәмелетке толмаған. Барлығы ересектердің қарауынсыз суға түскен. Ажал құшқандардың 9-ы мас болған.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP