Атырауда жертөлені есірткі жасайтын зертханаға айналдырған 3 адам ұсталды

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жертөлені есірткі дайындайтын зертханаға айналдырғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен «Арлан» жасағы басқа да құқықтық ұйымдармен бірлесіп арнайы операция ұйымдастырды. Нәтижесінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсірген үш күдіктіні ұсталды. Олар қала аумағындағы жеке жертөлелердің бірін есірткі зертханасына айналдырған. Онда жарық, жылу, ауа алмастыру және т.б. құрылғылары орнатылған.

«Операция кезінде шағын жылыжайдан 17 дана қарасора бұтасы тәркіленді. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде суық қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдар, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді. Күдіктілердің деструктивті діни ағымның ұстанушылары екендігі де белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта үш күдікті қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар