Атырауда жергілікті қамтуды дамыту мақсатында 464 млрд. теңгеге меморандумдарға қол қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жергілікті қамтуды дамыту бойынша форум өтіп, соның барысында компаниялармен рекордтық сома - 464 млрд. теңгеге меморандумдарға қол қойылды.

Меморандумдарға қол қою рәсімі Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Энергетика министрі Владимир Школьниктің қатысуымен өтті.

«2015 жылдың 30 қаңтарынан 6 ақпанға дейін елдің 16 өңірінде ҚР Үкімет мүшелерінің қатысуымен көшпелі кеңестер болып өтті. Олардың басты мақсаты - жергілікті қамтуды өсіру және жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша шараларды қабылдау, меморандумдарды жасату арқылы әлеуметтік жағдайды жақсарту және отандық кәсіпорындарды жұмыспен қамту. Нәтижесінде қазақстандық үлес бойынша шамамен 1.4 трлн. теңгеге 376 меморандум және әлеуметтік жауапкершілік бойынша 150 меморандумға қол қойылды. Өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумдарды жасату қорытындылары бойынша 250 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап қалу жоспарланып отыр», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар