Атырауда жергілікті бюджет кірісі 20 млрд теңгеге артық орындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жергілікті бюджет кірісі 20 млрд теңгеге артық орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Бекен Шанаев мәлім етті.

«Жергілікті бюджетке кіріс болжамы былтыр 350,4 млрд теңге көлемінде жоспарлаған еді. Өткен жылдың қорытындысымен бюджетке 371,1 млрд теңге көлемінде нақты төлем түсті. Бюджеттің кіріс болжамы 20,7 млрд теңгеге артығымен орындалды», - дейді департамент басшысының орынбасары Бекен Шанаев.

Оның айтуынша, пандемияға байланысты 187 мыңға жуық адамды жұмыспен қатып отырған 12 мыңға тарта шағын және орта бизнестің субьектісі салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылған. Сондай-ақ, департаментке 953 079 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 928 162 қызмет немесе 97,4 пайызы электронды түрде ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар