Атырауда жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала әкімі Серік Шәпкенов өз шешімімен жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әкім жариялаған техногендік сипаттағы ТЖ қаланың оң жағалауы бөлігіндегі Астрахань тас жолы жағына қарай кәріздік-тазалау құрылыстарындағы апатты жағдайға байланысты. Тазалау құрылыстары көптен бері толық көлемде жұмыс істемей тұр, су ағатын жолдар тазартылмайды. Сосын сыртқа төгіледі. Экологтар «Су арнасына» айыппұл салды. Қала әкіміне төтенше жағдай туралы хат жолдадық, содан кейін әкім өз шешімімен жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ жариялады», - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне қалалық ТЖБ бастығы Михаил Хагай.

Ол жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесін шешіп жатқанын нақтылады.

Соңғы жаңалықтар