Атырауда Жеңістің 75 жылдығына орай «Тағзым аллеясы» ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда Жеңістің 75 жылдығына орай «Тағзым аллеясы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тағзым аллеясын» ашуға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қатысты.

Бұл аллея облыс пен қала әкімдіктерінің бастамасымен ашылған. Мұнда Жеңіс Екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарына арналған 14 бюст орнатылған. Олардың арасында Кеңес Одағының батырлары, Халық қаһарманы мен «Даңқ» орденінің толық иегерлері бар. Бюст қоладан құйылып, тұғыртасы граниттен жасалған.

«Жеңіс» саябағы әр жылдары мерекелік атаулы күндерге орай жаңартылып келеді. Биыл саябақтың аумағы кеңейтіліп, күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда. Саябақтың жанына 1000-ға жуық алма ағашы отырғызылып, 3800 шаршы метр газон төселіп жатыр» -деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Оның айтуынша, «Тағзым аллеясына» жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасаған, бюджеттен қаржы жұмсалмаған.


Соңғы жаңалықтар