Атырауда Жеңіс күніне орай өткен жарысқа 80 авто мен мотоцикл қатысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Автомотожорық Жеңістің 74 жылдығына орай ұйымдастырылды. Автокөліктер легі Атыраудың орталық көшелерімен және шетімен жүріп өтті. Шара рекордтық көрсеткіштегі қатысушыларды жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"30 мотоцикл мен 50 автокөлік тулармен, әскери бейнемелермен безендендіріліп, әуежай аумағынан жол бастады. Ондаған шақырымды жүріп өткен көліктер легі жолды Жеңіс саябағында аяқтады",-дейді «Wheels Brothers MC Atyrau» атыраулық мотоклуб қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Олег Шмаль.

Айта кетелік, аталмыш шара барысында жорыққа қатысушылар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс құрбандарын еске алды.





Соңғы жаңалықтар