Атырауда жел ауыл әкімдігі мен тубдиспенсердің шатырын ұшырып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда желдің салдарынан ауыл әкімдігі мен облыстық тубдиспенсердің шатырының жартысы ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 мамырда Атырауда жылдамдығы 18 м/с болатын екпінді желдің салдарынан облыстық туберкулез диспансерінің шатыры ұшып кетті. Қираған шатырдың аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Медициналық мекеме шатырының жалпы аумағы - 1092 шаршы метр. Сондай-ақ, Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылық әкімдігі ғимаратының 150 шаршы метр болатын шатырын жел ұшырып жіберді», - делінген өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғалардан ешкім зардап шекпеген.

Фото:mgorod.kz

Соңғы жаңалықтар