USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті

2021 жылғы 3 желтоқсан 20:33
Бөлісіңіз:
Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда мұнай өңдеушілердің 91 пайызы вакцина салдырды Елордада Шу ауданындағы «Nur Otan» ғимаратын өртеуге қатысқан күдікті ұсталды Атырау облысында көліктен шыққан өрт тұрғын үйді шарпыды

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй бүгін, 3 желтоқсанда өртенген.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 16:22-де Атырау қаласының маңындағы Еркінқала-2 кентінің №5 көшесінде бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 150 шаршы метр тұрғын үйдің шатыры түгел жанып жатқанын анықтады. Өрттің салдарынан үй иесі – 1987 жылғы азаматты күйік шалды. Зардап шегущші облыстық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалын сағат 17:16-да оқшауланып, 24 минуттан соң толықтай сөндірілді. Оған департаменттің 22 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда емханадан өрт шығып, 45 адам эвакуацияланған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT