USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаян қаптады

2021 жылғы 19 қазан 00:10
Бөлісіңіз:
Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаян қаптады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жеке тұрғын үйлердің ауласында сарышаяндар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық шорт-трекшілер Бейжіңде жаттығуға кірісті Ташкент зообағында анасы қызын аю қамалған торға лақтырып жіберді Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

Сарышаяндардың пайда болғанына алаңдаушылық білдірген тұрғынның бірі – Данияр Әубекеров. Қазір ол Атырау қаласындағы «Нұрсая-3» шағынауданында тұрады.

«Қазір сарышаяндар мәселесі көршілердің арасында жиі талқыланатын тақырыпқа айналды. Көршілеріміздің кейбірінің ауласында бұл жәндіктің бірнеше түрі кездескен. Сарышаянның екі адамды шаққаны белгілі болып отыр. Зардап шегушінің бірі – ересек ер адам, екіншісі – бала. Менің балаларым да үйіміздің ауласынан сарышаянды көргенін айтты. Біз оларға сарышаянның қауіпті екені туралы ескертіп қойғанбыз. Сол себептен, олар сақтанып жүрді», - дейді Данияр Әубекеров.

Оның айтуынша, сарышаяндар Атырау қаласы маңындағы Еркінқала, Жұмыскер елді мекендерінде де байқалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT