Атырауда жедел жәрдем стансасына 18 көлік берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында жедел жәрдем стансасына 18 көлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына жаңа 18 көлікті табыс етті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем көліктері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медициналық жедел жәрдем көліктері «ҚДБ-Лизинг» есебінен алынды.

«Жаңа көліктердің сегізі аудандардағы емдеу мекемелеріне жіберіледі. Ал 10 автокөлік Атырау қаласындағы тұрғындардың жедел шақыртуына қызмет көрсетеді деп жоспарлануда. Қазір облыста 93 жедел жәрдем көлігі бар. Оның 46-сы биыл алынды. Жедел жәрдем станциясын арнаулы көлікпен қамту 100 пайызға жетті. Мұндағы жедел жәрдем көліктерінің 70 пайызы жаңарды. Ескі деген медициналық көліктер осыдан 2-3 жыл бұрын келген» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, келесі жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша 60 санитарлық автокөлікпен қамту жоспарланып отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 5 ауданға жаңа жедел жәрдем көліктері берілгенін хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар