Атырауда жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жаңарды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында жедел жәрдем көліктері 100 пайызға жаңарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы тағы 20 медициналық көлікпен
толықты. Станса директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ –
лизинг» есебінен алынып отыр.
«Жаңа автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберіледі. Ал, 17 көлік Атырау қаласындағы
жедел жәрдем стансасына беріледі. Қазір тәулігіне 700-750 шақырту түседі. Пандемия
өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен еді», - дейді Бауыржан Төлеген.
Бүгінде жаңа 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның ішінде 46-сы өткен жылы алынған.
«Өңірде COVID-такси жоқ. Оның орнына жедел жәрдем стансаның көлігі шақыруға
барады. Олар шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді», -дейді Бауыржан
Төлеген.
- ШҚО-да боран: «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысы шектелді
- «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді
- Қордайда 20-ға жуық жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
-
Ерлан Қарин QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырады
-
Стационарларда коронавируспен 6145 науқас жатыр – министрлік
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам