+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Атырауда жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

2020 жылғы 19 қазан 14:34
Бөлісіңіз:
Атырауда жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда белгілі жазушы Рахымжан Отарбаев атындағы әдеби сыйлықтардың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Әлібек Шегебай: Абайы бар ел ешқашан адаспайды

Бүгін – көркем сөзбен кестеленген шығармалары бірнеше тілге аударылған жазушы, драматург, Махамбет сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың туған күні. Осыған орай Атырауда Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында «Рахымжан Отарбаевтың руханият қоры» драматургия мен проза саласында сыншы, әдебиетшілер арасында өткізген байқау қорытындысын жариялады. «Рахымжан Отарбаев шығармашылығы. Әдеби сын» байқауына белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы бастаған қазылар алқасы Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығын талдаған 30-дан астам жұмысты саралады.

«Қазақ елі де, қазақ халқы да қарымды қаламгер Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық

мұрасын ұмытпайды. Туған жерінде көркемсөз шебері атындағы халықаралық театр фестивалі секілді руханият саласындағы шаралар қолға алынып отыр. Бұл орайда жазушының жары, шығармашылық мұраларының шырақшысы Сәуле Отарбаеваның еңбегін ерекше атап өту керек. Бүгінгі әдеби сын байқауы да рахымжантанудың жаңа бір парағын ашады» -деді жеңімпаздарды марапаттау шарасында облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Қазылар алқасының шешімімен проза жанрындағы бірінші сыйлық Алмаз Мырзахметке (1

000 000 теңге), екінші жүлде Сержан Сәрсенбайға (500 000 теңге), үшінші орын Балнұр

Қызырбекқызына, Марат Әзімхан мен Досбол Исламға (300 000 теңге) берілді. Сондай-ақ,

Айзат Қадырәлиева драматургия жанрында жеңімпаз атанды. Ал Рахымжан Отарбаев атындағы арнайы сыйлыққа Айнұр Төлеу (500 000 теңге) ие болды.

Бұдан бөлек, ынталандыру сыйлығын А.Рақыш, А.Үсейінова, А.Найманбай, М.Төлегенов,

А.Ақболатов, Р.Сұлтанғалиев, Ж.Утешева иеленді.

Ал жазушы, драматург Рахымжан Отарбаев атындағы стипендия жас қаламгерлер

Бақытгүл Сәрмекова, Айжан Табаракқызы, Самғар Тұрарбекке табыс етілді.

Шара кезінде қазақ прозасына өзіндік үлесін қосқан қаламгер Рахымжан Отарбаевтың екі

кітабының таныстырылымы өтті. Шығарманың екеуі де «Бас» деп аталады. Оның бірі Берлиндегі, екіншісі Бакудегі баспадан жарық көрген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT