Атырауда жазасын өтеп шыққан 109 адам жұмыспен қамтылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 2019 жылы Атырау облысында қылмыстық жазасын өтегендерді еңбекке тарту мақсатында 10 бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында қатысушыларға «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кеңінен мәліметтер берілді. Нәтижесінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне - 2 адам, қайта даярлау курстарына - 57 адам жолданылып, 13 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтардың келешекте қылмысқа қайтып оралмауы – қоғам үшін аса маңызды. Сол себепті, бүгінде сотталғандар арасында қайта қылмыстық құқық бұзушылық санының өсу жағдайын жою мақсатында 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілді», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.







Соңғы жаңалықтар