Атырауда жаз мезгілінде 300-ден астам көшеге асфальт төселеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жаз мезгілінде Атырауда 311 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс орталығында ұзақтығы 1593 км болатын 1781 көшенің 948-іне асфальт төселген. Бүгінде жол жөндеу жұмыстары 79 көшеде жүргізілуде. Облыстық бюджеттен жолдарды жөндеуге 7,8 млрд теңге, күрделі жөндеуге 3,9 млрд теңге бөлінген. Ағымдағы құрылыс науқанында тағы 311 жолға жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар қала маңындаңы 11 елді мекендегі 207 көшенің жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға конкурстық шаралары атқарылуда»,-деп хабарлады Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Қайрат Нұртаев.

Соңғы жаңалықтар