Атырауда Жайықтан заңсыз балық аулағандар сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзеніне ау құрып, заңсыз балық аулағандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандары үшін айыпталған Б. мен О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушылар Б. мен О. балықтарды заңсыз аулау мақсатында екеуі алдын ала сөз байласып, Атырау қаласы, Талғайран поселкесі тұсында қайықпен шыққан. Жайық өзеніне ау құрып, 175 кг аққайран  балығын ұстаған. Кейін оларды жағаға шығарып, қапқа салып жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған. Сот отырысында сотталушылар өз кінәләрін толықтай мойындап, жасаған әрекеттеріне  өкініш білдіретіндерін айтты. Мәміле түріндегі кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақтауға ниет білдірді» деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, сот үкімімен Б. және О. кінәлі деп танылып, оларға балық аулау қызметімен айналысу құқығынан 2 жыл мерзімге айыра отырып, 1 жыл  мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар