Атырауда Жайықтан ауланған қортпадан 20 келіден астам қара уылдырық алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзенінен ауланған қортпадан 20 келіден астам қара уылдырық алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары Жайықтан 150 келі тартатын қортпа балығын аулаған еді. Жақында «Жайық-Атырау» бекіре щабағын өсіру зауытының мамандары қортпадан жасанды жолмен 20,3 келі уылдырық алды.

«Қара уылдырық инкубациялау үшін аппараттарға салынды. Содан кейін бассейндерде, одан әрі су тоғандарында өсіріледі. Сөйтіп, орташа салмағы 3-5 грамм болатын 600 мың дана қортпа шабағын алу жоспарланып отыр. Шабақтар жетілген соң шілде-тамыз айларында табиғи ортаға, яғни Каспий теңізіне жіберіледі» -дейді зауыт директоры Ғилман Сәрсемалиев.

Оның айтуынша, биыл бекіре тұқымдас бағалы балықтар шабағының 7 млн данасын өсіру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар