Атырауда Жайықтағы көпірден секірген ер адам көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайықтағы көпірден секірген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға кеше, 16 шілдеде сағат 22:45 шамасында болған.

Жайық өзеніне көпірден секірген 30-35 жас шамасындағы ер адам көз жұмды.

«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда ер адам электр желісіне соғылып көз жұмған еді.



Соңғы жаңалықтар