Атырауда Жайыққа шомылған ер адамға суға батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда суға кеткен ер адамның денесі бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департамаенті баспасөз қызметінің мәліметінше, 52 жастағы ер адам 9 тамызда сағат 20:00 шамасында суға кеткен.

«Суға кеткен ер адам Жайық өзеніне Дамбы ауылдық округіндегі Қызылбалық елді мекенінің тұсында арнайы жабдықталмаған жерде шомылуға түскен. Төтенше жағдайлар департаментінен жұмылдырылған 4 құтқарушы мен сүңгуші суға батқан адамның денесін 11 тамызда сағат 11:15 шамасында жағаға шығарды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайыққа батқан 52 жастағы ер адамды іздеп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар