Атырауда Жайыққа бекіре тұқымдас балықтың 3,6 млн-нан астам шабағы жіберілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтың 3,6 млн-нан астам шабағы жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Атырау бекіре шабағын өсіру зауытының мамандары жасанды тоғандарда шоқырдың 3 млн 658 мың шабағын өсірген. Бүгін шоқыр шабақтарын су айдынына жіберу Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жанынан құрылған арнайы комиися мүшелерінің қатысуымен өтті.

Зауыт директоры Рашидин Қалидуллиннің мәліметінше, биылғы көктемде зауыт пен өндірістік кооперативтердің балықшылары бағалы бекіре тұқымдас балықтар тобына жататын шоқырдың 103 данасын аулаған. Оның ішінде 42 аналық, 61 аналық балық болған.

«Біздің мақсатымыз –Жайық-Каспий су бассейніне бекіре тұқымдас балықтар шабағын жіберу. Сол себептен, шоқыр балығынан жасанды жолмен 60 келі қара уылдырық алынды. Осы мақсатта ауланған шоқырдың бәрін Каспий теңізіне жібердік. Ал, бүгін Жайық өзеніне жіберілген шабақтар да Каспий теңізіне жетеді. Шабақтардың салмағы 5-14 грамм аралығын құрады» -деді Рашидин Қалидуллин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда Жайық өзеніне 2,8 млн бекіре шабағы жіберілген еді.



Соңғы жаңалықтар