Атырауда Жайық жағасындағы қоршауды қиратқан көлік жүргізушісі іздестірілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық жағасындағы шойын қоршауды қиратқан көлік жүргізушісі іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 5 қазанда өзен жағасындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақта Армениядан әкелінген «Нonda Odyssey» маркалы көліктің тұрғаны анықталған. Оның оң жағы бүлінген, май аққан. Кейін

көліктің жағалаудағы шойын қоршауды қиратқаны белгілі болды.

Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көліктің

Маңғыстау облысында тіркеуде тұрғанын мәлім етті.

«Қазір оқиға орнына анықтаушылар жіберілді. Көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр», -деп

хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда Армениядан әкелінген көлік жолда өртеніп

кеткенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар