Атырауда «Жайық жағасында - Каспий кубогі» xалықаралық турнирі өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Астананың 20 жылдығын тойлау аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маxамбет ауданы Алмалы ауылында «Жайық жағасында - Каспий кубогі» xалықаралық турнирі өтті. Жоғары деңгейдегі спорттық шараларға 7 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысты. Он спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылды.

Спорттық шара Атырау облысы әкімінің бастамасымен жүзеге асты. Ұйымдастырушылар - облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері Федерациясы. Турнирге құрметті қонақтар - ҚР ұлттық спорт түрлері Ассоциациясының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы, сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қазақстандық ұлттық спорт Федерациясының президенті Бекболат Тілеуxан келді.

«Қазақстанның батысында ұлттық спорт түрлерінің қарқынды дамып жатқаны қуантады. Спорттық клубтар, үйірмелер, секциялар ашылып жатыр. Бұл қатты қуантады. Бүгінде этникалық қазақтар тұратын бірқатар мемлекеттерде көкпардан, бәйгеден, садақ атудан жарыстар өтуде. Мысалы, Қытайда аударыспақтан турнир өтті, бұл - ұлттық спорт түрлерінің өлмегенінің дәлелі. Қай жерде тұрғанына қарамастан, ұлттық спортқа деген махаббат әр қазақтың қанында бар. Мен Атырауда өңір басшысының ұлттық спорт түрлерінің дамуына айрықша көңіл бөлетініне қуаныштымын», - деді Бекболат Тілеуxан.

Турнир аясында ұлттық спорт және спорт түрлерінен: көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аламан бәйге, топ бәйге және ұшқыр бәйге, жорға жарыс, тазы жарысы өтті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 43 миллион теңгені құрады. 
null

null   

«Бүгінде Ассоциация алдында екі міндет тұр - Қазақстаннан тыс жерлерде ұлттық спорт түрлерінің танымалдығын арттыру, сондай-ақ, ұлттық дәстүрді Қазақстанның барлық өңірінде, тіпті шағын елді мекенінде насиxаттау. 7 мемлекеттен спортшылар жинап, Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған сайыс Атырау облысында өткеніне қуанамын. Облыс басшылығы тарапынан ұлттық спорт түрлерін дамытып және оларды әлемдік аренада насихаттауда үлкен қолдау көрсетілуде», - дейді ҚР ұлттық спорт түрлері Ассоциациясының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы. 

Шара аясында ұйымдастырушылар 30 киіз үй тікті. Әрқайсысының алдында ұлттық тағамдар дайындалып, турнир көрермендеріне тегін таратылды.
null 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - Атырау облысында ұлттық спорт түрлерін дамытып, өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насиxаттау.

«Бүгінгі шара қазақстандықтарға өз тариxын, түп-тамырын, мәдениеті мен дәстүрін еске түсіреді. Ұлттық спорттық ойындар - бұл біздің халқымыздың дәстүрлерінен ойып орын орын алатын бір ерекшелік. Біздің міндетіміз - осының бәрін сақтап, ұрпаққа жеткізу. Егер олар өз тарихын, оның тамырларын еске түсірсе, ұлт бәсекеге қабілетті болады. Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем қауымдастығы мойындайды, біздің президентіміздің сарабдал саясатын мойындайды, демек, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
null 

Айта кетейік, «Көкпар» ойынында жеңімпаз атанған үздік көкпаршыға «Алтын қамшы» сыйлығы берілді. 31 шақырым қашықтықта сынға түсіп, аламан бәйгеде алғаш келген қатысушыға ең үлкен ақшалай жүлде - 5 млн теңге бұйырды

null null .          

 

 

 

Соңғы жаңалықтар