Атырауда Жайық өзенін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Арнайы құрылған комиссия Жайық өзеніне зерттеу жүргізуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат  Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия құрамына Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, мамандандырылған табиғат қорғау  прокуратурасы, экология департаменті, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, ветеренариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді»,- дейді Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Айта кетелік, зерттеу  барысында xимиялық зерттеу су сынамалары және өзеннен өлген балықтар мен тірі балықтардың сынамалары алынды. Алынған сынамалар ҚР АШМ "Республикалық ветеринария зертханасы" РМК Атырау облыстық филиалына және Атырау қалалық  қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасына жіберілді.                           

Соңғы жаңалықтар