Атырауда Жайық өзені маңынан ер адамның денесі табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзені маңынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«9 сәуірде Бесікті мен Талқайран ауылдары маңынан, Жайық өзеніне жақын жерден ер адамның денесі табылған. Мәйітте зорлық белгілерінің іздері табылды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, осы қылмыс бойынша Атыраудың бес бірдей тұрғыны ұсталып, олардың үстінен ҚР ҚК 99-бабы - «Кісі өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар