Атырауда жатақханада қалған студенттер азық-түлікпен қамтылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жатақханада қалған студенттер азық-түлікпен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда екі жоғары оқу орны бар. Соның бірі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

«Біздің университетте еліміздің жас өрендерімен бірге, шетелдің жастары да жоғары білім алады. Шетелдік студенттердің басым бөлігі – Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының тұрғындары. Шетелден келіп оқитын қандастарымыз жергілікті студенттермен бірге жатақхана тұрады. Жаппай тәртіпсіздіктен соң университет жатақханасында 21 студент қалған еді. Оның ішінде Өзбекстаннан – 8, Қытайдан – 3, Ираннан – 1, Моңғолиядан 1 студент бар. Өзгелері – өз еліміздің азаматтары», -дейді университет ректоры Саламат Идрисов.

Ректордың айтуынша, жатақханада қалған студенттерге азық-түлік жеткізіліп берілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау теміржолшылары зардап шеккендер үшін қан тапсырып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар