Атырауда жасырын екі цехтан 15 тонна балық табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жасырын екі цехтан 15 тоннадан астам балық табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Балық пен балық өнімдері Исатай ауданы Амангелді ауылындағы және қаламаңындағы Ақжайық кентіндегі «Құрметті» ЖК-ға тиесілі қоймалардан табылды. Мұнтаз тектес балық, сондай-ақ мұздатылған, қақталған және ысталған балық тәркіленді. Заңсыз ауланған балықтың жалпы салмағы - 15 тоннадан асады. Балықты тәркілеу операциясын Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен Атырау облысы бойына ҰҚК департаментінің қызметкерлері жүргізді. Бұған қатысты ҚР ҚК 196-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп мәлім етті Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің аға маманы ОлегТушканов.

Қазіргі уақытта ҰҚК облыстық департаментінің тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар