+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000  жас тартылады

2020 жылғы 30 маусым 22:33
Бөлісіңіз:
Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000  жас тартылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 жас тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ең жас экобелсенді: Ешкім суды тиімді пайдаланып жатқан жоқ Айгүл Соловьева: Президент экология мәселесін жүйелі түрде шешуді тапсырды Әсел Баймұқанова: Президенттің экология саласындағы бастамасы қазір аса маңызды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, Атырау облысында 10 шілдеде «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталады. Облыста биылғы еңбек маусымында мың жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде 300 жас Атырау қаласының аумағында, ал, әр ауданда 100 сарбаз жұмыс істейді.

«Жасыл ел» жастар жасағының жетекшісі Абылай Құрметұлының айтуынша, бүгінде аймақтың табиғатын қорғап, көркейту үшін 700-ге жуық адам өтініш білдіріп үлгерген.

«Жаңа маусымға тіркеу онлайн режимде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өтініш білдіруші 671 адам бар. Бірақ, олардың бәрі бірдей жарамды деген сөз емес. Тіркелушілердің құжаттары қосымша тексеріледі. Атап айтар болсақ, жеке куәлік, Kaspi Gold 20 саны, 18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы керек. Барлық сарбаздар қолғаппен, маскамен қамтамасыз етіледі. Олар арақашықтықты сақтап жұмыс істейтін болады», - дейді Абылай Құрметұлы.

Жоба аясында биыл да әдеттегідей барлық ауданда және Атырау қаласында ай сайын #TrushtagAtyrau акциясы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, облыс жастары арасында экологиялық мәдениет пен ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кемінде 10 іс-шараны өткізу жоспарланған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 1,1 мыңнан астам ЖОО түлегі жастар тәжірибесіне жіберілгелі отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT