Атырауда жастарды өмірлік дағдыларға үйретіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 400-ге жуық жастар «Табысқа жету паспорты» өмірлік дағдыларға үйрету бағдарламасынан өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырауда тегін білім беру бағдарламасы Қазақстан бойынша Халықаралық жастар қорының «Заңғар» жобасы аясында облыс әкімдігі мен мұнай компанияларының бірімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жоба Атыраудағы 21 білім беру мекемесін қамтиды. Бағдарламаға мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының білім алушылары қатыса алады», - деді Халықаралық жастар қорының Атыраудағы өкілдігінің директоры Әсем Сәтмұхамбетова.

Оның айтуынша, «Табысқа жету паспортына» өмірлік дағдылар бойынша 55 сабақ енген. Оның ішінде күйзеліспен күрес, интеллектуалдық және физикалық тұрғыдан өз-өзін дамыту бар.

Болашақта бұл бағдарламаға қаржылық сауаттылық бойынша 10 сабақ қосу жоспарлануда.  

 

Соңғы жаңалықтар