Атырауда жастар қар күреушілерге ыстық тағам әкелді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жастар көше қарып күреп жүрген жұмысшыларға ыстық тағам мен шай таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл акцияны «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі мен «Coffee River» компаниясы бірлесіп ұйымдастырған.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала көшелерін қардан тазарту жұмысына 90-нан астам жұмысшы мен 22 техника жұмылдырылды.

«Қазір Азаттық, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Абай, Құрманғазы және Л.Владимирский көшелерінің қары күреліп жатыр. Бұл жұмысқа тағы 5 техниканы тартуды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады қалалық әкімдік.

Атырау қаласында соңғы рет мұндай қалың қар 2006 жылы жауған. Кешеден бері көшелерді қардан тазарту жүргізіліп жатыр.

«17 қаңтарда қаладан 472 текше метр қар шығарылды. Көшелерді тазарту түні бойы жалғасты. Қарды жинап, шығаруға 49 техника жұмылдырылды. Техниканы қалалық коммуналдық мекемелермен бірге, өзге де кәсіпорындар ұсынды. Сондай-ақ, көшелер мен тротуарларды тазалауға 90 адам тартылды. Қала маңындағы Алмалы, Атырау, Дамба және Тасқала кенттеріне жолдарды қардан тазалауға арналған техникалар жіберілді», -деп хабарлады қалалық әкімдік.



Соңғы жаңалықтар