Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізуші сотта жауап берді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаяу жүргіншілер жолында 16 жастағы жасөспірімді қағып кеткен «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі сот алдында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты өткен жылғы қыркүйекте болған еді. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде таралып, халық арасында қоғамдық резонанс туғызды.

Видеода «Тойота Камри» мен «Мерседестің» көшеде өте қатты жылдамдықпен келе жатқаны көрініп тұр. Жолды кесіп өтіп бара жатқан бозбала жалт бұрылып, «Мерседестің» астына түсуден аман қалса да, оны екінші жақтан «Тойота» келіп соқты.

Сарапшылар «Мерседестің» сағатына - 136 шақырым, ал «Тойотаның» сағатына - 143 шақырым жылдамдықпен жүйткігенін анықтады.

«Тойота» жүргізушісі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігінде айтылған қылмысты жасады. Бұл қылмыс бойынша қарастырылған ең ауыр жаза – 5 жылға бас бостандығынан айыру», - деп мәлім етті облыстық прокуратура.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Атыраудағы Баймұханов көшесінде «Тойота Камри» автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жас бала оқиға орнында көз жұмған болатын.



Соңғы жаңалықтар