Атырауда жасөспірімдер оқ атуға қолданған тапанша суық қаруға жатпайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жасөспірімдер оқ атуға қолданған тапанша суық қаруға жатпайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда кішкентай балаға оқ атқан екі жасөспірім ұсталғанын хабарған едік.

Бұл деректі растаған облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 1 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болған.

Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөліміне 1976 жылғы әйел ұлына көрші аулада тұратын жасөспірімдер травматикалық қарудан оқ атқаны туралы шағым түскен. Соған байланысты СМП-136 шағын ауданындағы №4 үйдің ауласынан 12 жасар екі жасөспірім ұсталған. Жасөспірімдердің теріс қылығына байланысты 5 ата-ана жазбаша арыз берген.

«Пластикалық оқ атылатын ойыншық тапаншалардың суық қаруға жататынын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген тапаншаның суық қаруға жатпайтыны, яғни балалар ойыншығы екені анықталды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар