Атырауда жасөспірімдер лифт шахтасына құлап кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда төтенше жағдай болып, жасөспірім мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, балалар Алмагүл шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің біріндегі жұмыс істемей тұрған жүк көтеруге арналған лифт шахтасына түскен. Олардың бірі қаза болды, екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді»,-деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, бұл алдын ала ақпарат. Осы кезде төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар