Атырауда жас полицейлер Тұңғыш Президентке арналған экскурсиялық сабаққа қатысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жас полицейлер облыстық Тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш Президентке арналған экскурсиялық сабаққа қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тұңғыш Президент күніне арналған экспозиция қойылды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті басқару, тәуелсіз Қазақстанды әлем таныған ел ретінде қалыптастыру кезеңіндегі қайраткерлігі, ерен еңбегі туралы тарихи, деректі құжаттар түріндегі құнды жәдігерлер бар. Облыстық Полиция департаментінің жас мамандары үшін аталған музейге экскурсиялық сабақ ұйымдастырылды.

«Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – жас мамандарды патриотизмге, жауапкершілікке, бастамашылдыққа тәрбиелеу. Осы орайда Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары адамгершілік қасиеті, мемлекетшілдігі мен табандылығы әр жасқа үлгі-өнеге болары даусыз. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық тұрғыда өркендеуіне үлес қосқысы келетін әр қызметкердің бойынан осындай қасиеттер табылып жатса, еліміздің болашағы бүгінгіден жарқын болары анық», - дейді департамент бастығының орынбасары Әділхан Байдосов.

Оның айтуынша, экскурсиялық сабақ барысында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, саясаткерлігіне арналған экспозиция таныстырылды. Әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің еліміздің дамуына сіңірген еңбегі туралы кеңінен айтылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда мемлекеттік қызметшілердің аллеясы ашылып, Тұңғыш Президент күніне орай ғылыми-тәжірибелік конференция өткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар