Атырауда жарықсыз қалған 25 үйге жаңа трансформатор орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жарықсыз қалған екі қабатты 25 үйдің тұрғындарына жаңа трансформатор орнатып, электр энергиясы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұма күні кешкісін қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы «Лесхоз» шағынауданына барды. Онда қуаттылығы 400 кВт болатын трансформатор жанып кеткен еді. Ол жанып кеткен трансформаторды жаңасына ауыстыру жөніндегі жұмыс барысымен танысты. Шағынаудандағы тұрғындармен сөйлесті. Оларға ПИК құрып, қызмет көрсететін кәсіпорынмен шарт жасауға кеңес берді», - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Шәкір Кейкиннің айтуынша, трансформатор заңды түрде қараусыз деп танылады. Кейін қайта құрылған ПИК оны өзіне алып, «Атырау Жарық» АҚ-мен қызмет көрсету туралы ресми шарт жасалады.

Еске салайық, жұма күні кешкісін «Лесхоз» шағынауданында екі қабатты 25 үйге қызмет көрсететін иесіз тұрған трансформатор жанып кетті.

Бұл үйлердің тұрғындары бұрынырақта ПИК құрудан, трансформаторға қызмет көрсететін «Атырау Жарық» АҚ-мен шарт жасаудан бас тартқан болатын.



Автор А.Соколов

Соңғы жаңалықтар