Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде үш кәсіпкерлік нысаны бүлінген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаппай тәртіпсіздік кезінде үш кәсіпкерлік нысаны бүлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атамекен» ҰКП Атырау облыстық филиалының директоры Нұрлан Сүйінбаевтың айтуынша, үш кәсіпкерлік нысанының иесінен шағым түскен.

«Жаппай тәртіпсіздік кезінде автокөлік кәсіпорнына келтірілген шығынның көлемі 285 мың теңге екені анықталды. Сонымен қатар, жеке күзет қызметін көрсету мекемесі мен Атырау облысы әкімдігінің ғимаратында орналасқан асхана мен дүкенге шығын келтірілген. Бұл кәсіпкерлік нысаныың шығын есебі анықталып жатыр. Зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау мақсатында облыс әкімінің шешімімен жаппай тәртіпсіздік салдарынан келтірілген шығынның көлемін анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Кәсіпкерлерден түскен өтініштің бәрі аталған комиссия отырысында қаралып, нақты шешім қабылданады», - деп мәлім етті Нұрлан Сүйінбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 497 адам ұсталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар