+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Атырауда жанармай бекетін тонаған екі адам ұсталды

2020 жылғы 18 ақпан 10:35
Бөлісіңіз:
Атырауда жанармай бекетін тонаған екі адам ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жанармай бекетін тонаған екі адамты полиция ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Атырау қаласында түнгі сағат 03:00-дер шамасында болған. Бетіне медициналық бетперде киген белгісіз екі адам Лесхоз шағын ауданында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған. Олар кассирді пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, кассадан 200 мың теңгені алып кеткен. Алайда, олар алысқа ұзамай, полицейлердің қолына түсті.

«Күдіктілер - Лесхоз және Көкарна шағын аудандарында тұратын жастар болып шықты. Олардың бірінің жасы 23-те, екіншісі - 18-де. Ұсталғандардан ұрланған ақша алынды. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілп жатыр», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT