Атырауда жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қамауға алынды

None
None

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың ақпан және наурыз айларында Атырау қаласындағы жанар-жағармай бекеттерінде болған қарақшылық оқиғаларына күдікті қылмыстық топ ұсталды. Қазіргі уақытта ҚК-тің 192-бабының 2-бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, іске қатысы бар 5 күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды», деп мәлім етті облыстық ішкі департаментінің баспасөз орталығы. 

Соңғы жаңалықтар