Атырауда жаңа тұрғын үйді дәйексіз жарнамалағаны үшін әкімшілік іс қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда тұрғын үйді «элиталы» деп дәйексіз жарнамалағаны үшін «Рамзес» және «Айнұр» ЖШС-ның үстінен әкімшілік іс қозғалды. 

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облыстық департаменті «Рамзес» және «Айнұр» ЖШС-ін басқарушы жеке кәсіпкерлерге қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады.

«Тексеру барысында жеке кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамаларын бұзғаны анықталды. Олар тұрғын үйді жоғары деңгейлі, яғни «элиталы» үй ретінде жарнамалаған. Ал шын мәнінде тұрғын үйдің құрылыс талаптары оған сай емес болып шықты. Яғни кәсіпкерлер бәсекелестік заңын бұзған. Осыған қарай, тергеу нәтижелері бойынша кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабаралайды монополияға қарсы ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар