Атырауда жаңа нысандар пайдалануға беріледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласы маңынан жаңа мәдениет үйі мен агрокешен пайдалануға беріледі. Шаһар басшысы Әлимұхаммед Құттұмұратұлы жұмыс сапарымен Қайыршақ  ауылдық округіне барып, ондағы  екі жаңа нысанның құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі ауылдың шағынаудандары мен Томарлы, Талғайран, Бесікті, Көктем, Жұлдыз және Жұлдыз-3 ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.

Облыс орталығынан 5 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдық округте бүгінгі таңда 12 мыңнан астам адам тұрады. Қазіргі уақытта қалалық және облыстық құрылыс басқармалары осында 3 мектеп пен 6 балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Осылайша мектеп және мектеп жасына дейінгі балалар жақын маңдағы ауылдарға бармастан, өз ауылында білім ала алады. Бүгінгі күнде Жұлдыз шағынауданында «ТШО» ЖШС  «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы бойынша 624 орынға арналған орта мектептің құрылысы жүруде.

Округ әкімі Шапкат Қалиевтің айтуынша, Қайыршақ ауылдық округіндегі жол мәселесі 97% шешіліп, жұмысшыларға 5,7 шақырым автокөлік жолын салу ғана қалды. Мұнда жалпы ұзындығы 180 шақырымдық жол салынған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ұзындығы 25 шақырымды құрайтын 29 көшеге жарықтандырудың жаңа жүйесін жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл ауылдық округте ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жергілікті фермерлер мемлекеттік субсидияны пайдалана отырып, тамшылатып суарылатын жылыжай ашты. Бүгінгі күні бұл әдіс 330 гектар жерді қамтуда. Олардың өнімдері қала нарқынан төмен бағада сатылады. Жақын арада  «Көктем» ықшамауданында орналасқан «Дастан» агроөнеркәсіп кешенін ашу жоспарланып отыр. Онда 1000 тонналық көкөніс қоймасы, сондай-ақ өнімнің сатылу нүктесі бар. Бұл нысан кәсіпкер Қоныс Ермановтың өз қаражатына  салынды.

«Жаңа нысан  Қайыршақ  ауылдық округінің тұрғындары үшін ғана емес, тұтастай қала үшін де зор маңызға ие. Жергілікті фермерлер өсірген өнімдердің арқасында, қала нарығында жыл бойы жаңа және сапалы өнімдер сатылады. Бұл импортты алмастыруға оң әсер етеді. Тағы бір жақсысы - жергілікті өнімдердің бағасы нарықтық бағадан төмен», - дейді шаһар басшысы Әлимұхаммед Құттұмұратұлы.

Қала әкімі аралаған келесі нысан - Қайыршақ ауылдық округіндегі жалғыз Томарлы ауылында орналасқан 400 орындық жаңа мәдениет үйі болды. Нысан 100% дайын, оны ашу биылғы жылдың тамызына жоспарланған. Жаңа нысанда 10 қызметкер жұмыс жасауда. Мұнда мәдени іс-шаралар өткізіледі. Мектеп оқушылары мен жергілікті жастар хореография, музыка және актерлік шеберлік сабақтарынан үйірмелерге қатыса алады.

null

Соңғы жаңалықтар