Атырауда жаңа газ өңдеу зауыты салынады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жаңа газ өңдеу зауыты салынатыны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қашаған кенішінде инвестициялық құны 370 млрд теңге болатын газ өңдеу зауыты құрылысының жобасы жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығында жүргізіледі деп болжанып отыр. Жоба жүзеге асатын болса, шикі мұнайдың сыртқа экспорты азаяды, өңделген мұнайдың экспорты артып, дайын мұнай-химия өнімдерін шығару ісі жолға қойылады. Сондай-ақ құрылыс кезінде 2800 жұмыс орны пайда болса, 600 жұмыс орны тұрақты болады»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте облыс әкімдігіндегілер Атырау облысының елде инвестиция тарту жағынан көш бастап келе жатқандығын айтты. Өңірдің республика бойынша тартылған инвестициядағы үлесі 28,2% құрап отыр.

Автор: Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар