Атырауда жалпықалалық сенбілікке 7 мыңға жуық адам қатысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда екі айлық санитарлық тазалық науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

15 қыркүйекте Атырау қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметі бойынша, қаладағы санитарлық тазалыққа 7 мыңға жуық қала және қала маңындағы ауылдық округ тұрғындары, соның ішінде 1125 мемлекеттік ұйым мен жеке мекемелер, университеттер мен колледж студенттері қатысты.

Сенбілік қорытындысы бойынша қалалық полигонға 730 текше метр қоқыс тасталды.

«Атырау қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында екі айлық санитарлық тазалық жарияланды. Осыған байланысты біз барлық қала тұрғындарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдардың басшыларын апта сайынғы екі айлық сенбілікке белсене қатысуға шақырамыз»,- дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев.

Соңғы жаңалықтар