+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды

2021 жылғы 31 шілде 18:41
Бөлісіңіз:
Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жалған вакцина паспортын жасаған медбике ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бір күнде 59 сырқат коронавирустан көз жұмды 4 672 науқас коронавирустан жазылып шықты Тағы 3 мыңға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтың айтуынша, қалалық емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленген.

«Қазір өңірде жалған вакцина паспортын жасауға жол бермеу үшін барлық екпе бекетінде бейнебақылау камералары орнатылды. Медицина қызметкерлері түсіндіру жұмыстары жүргізді. Соған қарамастан, облыс әкімдігі және ішкі істер департаментімен бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде медбикенің жалған вакцина паспортын жасағаны анықталды. Бұл – жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет» - дейді Қайсар Абдалиев.

Қазір кіші буын медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 140 мыңнан астам адам вакцина салдырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT