+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда жалған вакцина паспортын 100 мың теңгеден сатқан медбикелер ұсталды

2021 жылғы 2 тамыз 16:41
Бөлісіңіз:
Атырауда жалған вакцина паспортын 100 мың теңгеден сатқан медбикелер ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жалған вакцина паспортын 100 мың теңгеге сатқан медбикелер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл тұрғындары шекарадан кедергісіз өткізу үшін ПТР тестін қолдан жасап, сатып келген Маңғыстауда вакцина паспортын 30-50 мың теңгеге сатқан дәрігерлер анықталды Ақсай қаласында 4 адам вахталық жұмысқа жалған вакцина паспортымен келген

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы емханада жұмыс істейтін екі медбике пациенттердің вакцина алғаны туралы жалған ақпарат енгізіп келген.

«Полиция департаменті мен облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-шарасы кезінде 1989 және 1993 жылы туған екі медбике ұсталды. Олар вакцинаның әр компонентіне 50 мың теңге, екі компонент үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аудартып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға келіп, вакцина алмай-ақ вакцина паспортын алып жүрген. Медбикелердің бірі бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгені, екінші медбикенің вакцина сұйықтығын құйтырқы әрекетпен пациентке екпегені анықталды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір екі күдікті медбикеге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 206-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ұсталған медбике жалған вакцина паспортын 10 мың теңгеге сатқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT