+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Атырауда жағдайы ауыр 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 27 шілде 13:55
Бөлісіңіз:
Атырауда жағдайы ауыр 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырып, жағдайы нашарлаған 78 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау өңіріне қажетті медицина қызметкерлеріне толық әлеуметтік қолдау көрсетілуі тиіс - Президент Қарағанды облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды Қазақстанда ДДСҰ бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың екінші тобын оқыту басталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өңірдегі 2 922 орындық инфекциялық стационарларда 1 325 науқас емделіп жатыр.

«Инфекциялық стационарлардағы жүктеме 45,3%-ды құрап отыр. Ал, 114 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 78 науқас оқшауланған. Оның ішінде 10 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Қазір мұндағы жүктеме 68,4%-ға жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 67 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT